Смирнов №1 орта мектебінде желтоқсанның алтысы күні Аудандық білім бөлімі 11 - сынып оқушыларымен ҰБТ дайындық өткізді. ҰБТ 11- сыныптан 17 оқушы, 100% құрады. ҰБТ жазғандағы ортаңғы ұпайы – 64 % құрады. Әр пәнге тоқталып кетсек: Қазақстан тарихы – 7,5%, Орыс тілі сауаттылығы – 16%, Математика сауаттылығы – 8%, бірінші таңдаған пәні бойынша – 16,6%, екінші таңдаған пән бойынша – 18,8% құрады.
Оқушылардың ішінде жүзден асқан ұпай - 1 оқушыда. 13 оқушы 50 ұпайдан асты және 3 оқушының ұпайлары жетпеді.
Оқу жылының басынан 11 сыныптармен 3 рет тестілеу өткізілді. Балалардың жалпы білім сапасы: І – 55%, ІІ – 58%, ІІІ- 64% құрады және осы үшінші өткізілген тестілеуде 50 ұпайдан асқан балалардың саны да көп, олар 13 оқушы.
Осы жолы ең көп ұпай жинаған Токушев Жанбул 117 ұпай жинады. Бұл оқушы жоғарғы ұпаймен қоса Президенттік олимпиадаға қатысып үш турдан сүрінбей өтті.
Балалардың алдағы тестілеулерден сүрінбей өтулеріне тілектеспіз!